Ата-аналарға кеңес

Автор: admin от 4-12-2017, 14:53, посмотрело: 2 034

4
Ата-аналарға кеңес

- Сіз өміріңізде үш рет мектепке баратыныңызды әрқашан естен шығармаңыз. Бірінші рет-өзіңіз, екінші рет-балаңыз, үшінші рет-немереңіз барады екен.
- Сан ғасырлық танымдық-тәлімдік дәстүрлік "ата-ана"жолынан өткен Сіз сияқты адамдар -нағыз педагог екенін ұмытпаңыз!
- Әке-жанұяның нағыз тірегі, отбасы,балалар үшін асқар тау, сая-бақ, алып қорған және теңдесі жоқ педагогикалық қазына, қайталанбас тұлға.
- "Әкеге қарап ұл өседі" демекші, ұл бала сіздерден іскерліктің, ерліктің, тәкаппарлықтың, имандылықтың, мұрагерліктің асыл нәрлерінен дәріс алып, тек Сіздердің арқаларыңызда ғана өмірге қанат қағатынын есіңізде сақтағайсыз.
- Ана-жанұяның жаны мен сәні, жылуы. Өз балаларыңыз үшін сіз ешқандай жанмен салыстыруға келмейтін, қасиетті, ұлы педегогикалық қазына екенін біле бермейсіз.
-"Шешесін көр де қызын ал "демекші қыз бала сіздерден сұлулықты, нәзіктікті, парасаттықты, ісмерлікті, мейірімділікті, қарапайымдылықты тәмәмдай отырып сіздің жалғастырушысына айналатынын  ұмытпағайсыз
- "Қыз бала шырақ, ұл бала-тұяқ" демекші, ұлдарыңыз бен қыздарыңыздың сана-сезімдеріне алғаш педагогикалық ой тастап, олардың ой-өрістеріне терең назар аударатын тек қана Сіздер ғанасыздар!
-"Тәрбие бесіктен басталады" демекші, ана сүтінен нәр алып,әке мейірімінен құрышын қандырған сәби-болашақ заманымыздың асыл ойлы, есіл азаматын дайындаудағы алғашқы саты екенін ұмытпағайсыздар?
- Бала қанша білім алып, мектеп табалдырығын аттағанмен, оның өмірінің көп бөлігі әкесі мен шешесінің жанында өтеді екен.
- Баланың білімінің шыңдалуына мектептің және бір ғана мұғалімнің шеберлігі жете бермейді, сондықтан сіздерге де еріксіз мұғалім болуға тура келеді.
- Қиялсыз баланың көңілі мен санасы бос.Ал оның санасына қиялды әкеле алатын, оны қызықтыра алатын-ата мен әженің ертегілері, аңыздары, өткен өмірлеріндегі әңгімелері болмақ.
- "Балалы үй-  базар, баласыз үй-мазар" демекші, халқымыз өте балажан, балабауыр екенін есіңізде саұтағайсыз.
 " Әр баланың - өз ырысы бар" демекші , көп балалы жанұялардағы - аға мен іні , бауыр мен қарындастар, апалы-сіңілілі жандардың бір- бірлерін сыйласудағы қарым-қатынастарының педагогикалық әсерлерінің маңызы ерекше екенін ұмытпағайсыздар!
 
·        Әр бір бала жеке тұлға сондықтан баланы құрметтей және сүйе білу жөн
·        Ата баланы анаға немесе ана баланы атаға сілтеуге болмайды. Ешқандай бала кемшіліксіз блмайды, әр баланың өзіне тән қасиеті, адамгершілік қасиеті бар.Сол қабілет пен қасиетті бағалай білген жөн.
·        Орындаған істерін көтермелеп, орындамаған істерін дұрыс жазалай білу керек.Баланың әр бір талабын мақтай білу керек.
·        Әр балаға алдымен мақсат қоюға үйрету керек.
·        Баладан бір істі талап етудің орнына одан үлкендерше ақыл сұрау керек.
·        Баланы еркін тәрбиелеген дұрыс, бірақ еркіндіктің де шегі болады.
·        Бір қатесі үшін баланы екі рет жазалауға болмайды.
·        Бала не үшін жазаланғанын білуі керек.
·        Балаға ескерту жасаған кезде қатал талап етудің қажеті       жоқ.
·        Ата-анамен бала бірін- бірі сөзсіз түсінуі керек,олар бір-біріне қимыл арқылы жұмбақ қояды.
·        Бала сұрағына ұстамды және шын жауап беріңіз
·        Баланың пікірі мен сынын шынайы қабылдаңыз
·        Баланың өз бөлмесі немесе бұрышы болсын
·        Балаңыздан өз жұмысын көрсететін стенд жасаңыз
·        Ол шығармашылық жұмыс орындаса, жұмыс орнының шашылғанына ұрыспаңыз
·        Оған қиын тапсырма беріп үйретіңіз
·        Жұмыс нәтижесін жақсартуға көмектесіңіз
·        Қалаға,қызықты демалыс орындарына апарыңыз
·        Әр түрлі балалармен араласуына көмектесіңіз
·        Өз балаңызды өзге баламен салыстырып,кемшілігін бетіне баспаңыз
·        Оны төмендетіп, кемсітпеңіз
·        Оны өз бетінше ойлауға үйретіңіз
·        Оған қызықты ойындар, кітпаптар көп алып беріңіз
·        Балаңызды армандауға,әр түрлі оқиға ойластыруға үйретіңіз
·        Кіші жастан көп оқуына көмектесіңіз
·        Әр күн сайын онымен отыруға уақыт табыңыз
·        Қатесі үшін ұялтпаңыз
·        Кез-келген жетістігі үшін мақтаңыз
·        Отбасында кейбір мәселелерді шешуге қатыстырыңыз
·        Жасы үлкен балалармен де араласып тұруына көмектесіңіз
·        Балаңыздың жеке тұлға болуына көмектесіңіз
·        Балаңыздың сана-сезіміне сене біліңіз
 
 
                        Ата-анамен жұмыс

 
·       Мектепте ата-ана жиналысын жоспар бойынша өткізу
·       Әр ата-анаға оқу қорытындысын жеткізу
·       Ата-аналар жиналысының тақырыбын, мақсатын толық түсіндіру
·       Жеткіншектің жас ерекшеліктерін және айырмашылықтарын  анықтау, ол туралы пікірлесу
·       Кедергілерді қалай жоюға пікірлесу, бірлесіп шешім қабылдау
·       Жүйелі жұмысты ұйымдастыру
·       Оқу жылы аяңында оқушы мен ата-ананы жинап, ғылымй -педагогикалық шара өткізу
·       Экскурссия және туристік жұмыстар жүргізу
·       Оқушылармен бейнелі мұражай, кітап мұражайларына,
 
 
 
        Бала тәрбиесіне жауапты ата-ана ма,  әлде,  мектеп пе?

     Бала тәрбиесі бәрімізге ортақ. Оған мектеп, ата-ана, қоғам болып қатыссақтағы бүгінгі тәрбиеге қатысты мәселеде кемшілігіміз, бармаған, тереңіне үңілмеген тұстарымыз әлі де көп." Жақсы бала-қызығың, жаман бала-күйігің", "Тәрбие басы-тал бесік"деп туғаннан бастап баланың бойына жақсылықтың дәмін себуді мақсат тұтқан. Мұхаммед пайғамбарымыз бір хадисінде  "Тәрбие -құрсақтан басталады"-деген. Қасиетті хадиске қосыламын. Осы тұста "Жас бала да жаңа еккен тал секілді, қалай егіп баптасақ, сондайлық нәтижесін береді. Ал қисық ексең оның болашағы бұлыңғыр"-дер едім.
        Халқымызда "он үш жас отау иесі" деген сөз бар. Қазіргі он үш жастағылар отау иесі болмақ түгілі, отан иесі бола алмай отырғаны өкінішті. Өйткені қыздарымызда иба мен инабат, ұлдарымызда ізет пен құрмет деген ізгі қасиеттер қалып барады. Мектептен ғана білім мен тәрбие алам деген қате түсінік. Бала үйден де үлкен тәлім алуы тиіс. Неге баланы отбасынан бастап ұлттық дәстүрге бейім етпеске. Атқа мінгізу, ағаштан қолөнер бұйымдарын жасау, ауыз әдебиетінен ертегі айту, батырлар жырын оқу сынды халқымыздың бала тәрбиесіне қатысты жан-жаралары бар.
 Осындай қазақы жолмен өскен баланың болашағы зор болатынына ешкім дау айтпас. Шыны керек, кейбір  балалар үйдегі қыңыр мінезін мектепте де көрсетіп қалады. Оларды ашумен тәрбиелеу бекер, ақылмен тәрбиелеу керек. Мүмкін ата-анасы еркелететін болар, баланы шеттен тыс еркелету де дұрыс емес. Еркелетудің де өзіндік орны, жөні болуы тиіс. "Жеті атасын білмеген жетесіз"-дейді қазақ, жеті атасын білу және үйрену де ұлттық тәрбиеге жатады. Абай атамыз: Мен егер закон қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзетуге  болмайды дегеннің тілін кесер едім" деп түйеді данышпан бабамыз.Иә, адам мінезін түзеуге болады, тек оны орта жолдан емес, басынан бастауымыз керек. Баланың көп уақыты ата-анасымен өтеді, десекте, қоршаған ортаға тірелмей өте алмаймыз.Сондықтан бала тәрбиесіне тек ата-ана , мектеп болып қана емес, қоғам болып қосыла ,ынтымақтаса жүргізсек, оның саналығы артар еді.
   Ата бабамыздан қанымызға сіңген жақсы қасиеттер көп. Соны үнемі дамытып отырғанымыз жөн.Ұл баланы үлкенге ізет көрсетуге ,кішіге бауырмалдылығын, мейірімдігін танытуға ,әйел затына қамқорлығын көрсету керек.Сондай -ақ қыз баланы да кейбір келеңсіз қылықтардан аулақ етіп, үй шаруасын жасауға дағдыландырсақ , ертең мектеп қабырғасынан кеткен сәтте тұрмысқа бейім болып өсуіне сәті тиеді. Қазір қоршаған орта әсері көбірек әсер етуде. Теледидар, жартылай жалаңаш бейне клиптер әсерін айтпауға болмайды. Бұл келеңсіздікпен күресудің жалғыз жолы-дағдысын бала бойына сіңіру.
    Балаға орынды міндет, талап қойып, соны өз деңгейінде қадағалап отыруымыз қажет.
    Тәрбиенің үш қайнар көзінің тұнығынан сусындатқанда ғана балалар тәрбиесі өз деңгейінде жүзеге аспақ.
 

Категория: Ақпарат

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.

Добавление комментария

Имя:*
E-Mail:
Комментарий:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
 
yandex.ru