«Таудан түскен сәуле...»

Автор: admin от 19-11-2016, 02:12, посмотрело: 1 138

1 «Таудан түскен сәуле...»
Рухани жаңғыруды сипаттайтын және патриоттық сананы ынталандыратынқұндылықтарды жаңғырту және  оқушылардың бойында ұлттық сананы ояту, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімдерін ұялату, мақсатында  Райымбек ауданының Сарыжаз  орта мектебінен қанаттанған, Республикаға танымал  ақындар  мүшәйраның  бас жүлдегері,Қазақстан Жазушылар Одағының  мүшесі, Ұлы  ақын Абайға  арналған мүшәйраның бас жүлдегері, халықтың  біртуар азаматы,ақын Серікжан Қажидың 60 жасқа  толған туған күніне  арналған «Таудан түскен сәуле...» атты мектеп оқушыларымен сыр-сұхбат өткізілді.
Шараға ақынмен бірге арнайы келген әріптестері  «Шығармашылық шеберлікке  баулу орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестік директорыҚалижан Сматайұлы Смағұлов,Қазақстан жазушылар одағының, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Байтұрсынұлы Дәулетбек,Республикалық «Егемен Қазақстан», «Қазақ елі», газеттерінде  тілші, «Жалын» баспасында  аға редактор болып жұмыс істеген, Алматыда  өткен «Дүниежүзі қазақтары  жыр мүшәйрасының» екі  дүркін жүлдегері Құл-Керім Елемес, облыстық «Жетісу» газетінің арнаулы тілшісі, ақын Қанат Біржансал, ардагер-ұстаздар, ақынның сыныптастары сыр-сұхбатымызға  қатысып, естелік әңгімелерімен, оқыған өлеңдерімен  кешіміздің көрігін қыздырды. Мектеп оқушылары  ақынға өздері шығарған өлеңдерін оқыды. Кеш соңында Серікжан Қажи оқырмандарға жаңа шыққан жыр жинақтарын тарту етіп,  өлеңдерін оқыды.  Ақын  100 ге  тарта әдеби кітаптарды мектеп кітапханасына сыйғатарты.
 
 

«Таудан түскен сәуле...»

 

«Таудан түскен сәуле...»

 


Категория: Ақпарат

 
 
yandex.ru